Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков 1971 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданының Киров атындағы ауылында туылған, білімі жоғары.
1989 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын қаржыгер мамандығы бойынша, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Меркі аудандық қаржы бөлімінде аға экономист болып бастаған. 2008-2011 жылдар аралығында аталған басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. 2011 жылдың 19 тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының қызметін атқарып келді.
Сонымен қатар Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов 1981 жылы Қызылорда облысында туылған, білімі жоғары.
2003 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің өсімдік шаруашылығы және астық рыногын нормативтік қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып бастаған.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің Аумақтық даму басқармасының бастығы.
2010 жылдың 16 сәуірінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.