Мұнда 14 қазанға дейін үйлерге жылу берілген.
Еске сала кетейік, 2013 жылғы 12 қаңтардағы Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандары және Тараз қаласы аумағында соққан дауыл салдарынан 68 елді мекен жарықсыз, газсыз және жылусыз қалды, жүздеген көп қабатты тұрғын үйлердің шатыры ұшып кетті. Залал сомасы 2,6 млрд.-тан астам теңгені құрады. Қаратау қаласында дауылды жел (секундына 50 метрге дейін) Қаратау-2 бекеті ғимаратының шатырын жұлып әкетті, «Игілік» МҚК 60-метрлік темір бетонды қазандығының түтін құбыры қирап қалды, шатырлар мен қазандықтар бүлінді.
Бүгінгі күні 1965 жылы пайдалануға берілген орталық қазандық қайта жаңартылды, қазандықтар ауыстырылған. Қайта жаңартудың бірегей технологиясы енді жылдамдығы секундына 70 метрге жетуі мүмкін дауылға шыдас береді. Бұл бүгінгі күні Қаратау қаласының 134 көпқабатты тұрғын үйі және 156 кәсіпорын мен ұйымдар ғимаратын жылу энергиясымен қамтамасыз етіп отырған жалғыз қазандық.
«Игілік» коммуналдық кәсіпорнының директоры Рашит Сейдалиев облыс әкімін жылу беру маусымы қалада талапқа сай өтетініне сендірді.