Жамбыл облысының Ақкөл көлінде батып кеткен балықшылардың бірінің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының Ақкөл көлінде батып кеткен балықшылардың бірінің мәйіті табылды

Жамбыл облысының Ақкөл көлінде батып кеткен балықшылардың бірінің мәйіті табылды

Талас ауданында құтқарушылар балық аулауға кеткен күйі үйлеріне оралмаған Ақкөл ауылы тұрғындарының бірінің мүрдесін тапты,

  • 22 Қазан 2014
  • 879
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

«Жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 21 қазанда жағалаудан үш шақырым жерде Ақкөл ауылының 36 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Ал 25 жастағы балықшының денесі әзірге табылған жоқ, іздеу жұмыстары жалғасуда», — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, 19 қазанда Талас ауданындағы Ақкөл көлінде ағаш қайықта балық аулап жүрген Ақкөл ауылының  36 және 23 жастағы тұрғындары суға батып кеткен.

Оқиға орнында Жамбыл облысы ТЖД «Судан құтқару қызметі» ММ, сүңгуір-судан құтқару жасағы, Қаратау қалалық құтқару қызметінің сүңгуірлері, Талас ауданының ТЖБ, ІІБ қызметкерлері жұмыс істеуде.