Жамбыл полициясы Аса өзеніне ағып кеткен ер адамның тұлғасын анықтауда
Жамбыл полициясы Аса өзеніне ағып кеткен ер адамның кім екендігін анықтап жатыр, |
деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Кеше, 14 шілде күні облыстық ТЖД-ға Жамбыл ішкі істер бөлімінің жедел кезекшісінен Жамбыл ауданындағы Аса өзенінен ер адамның денесі табылғандығы, оны судан алып шығу үшін сүңгуірлердің көмегі қажеттігі туралы ақпарат келіп түсті», - дейді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
Оқиға орнына аттанған құтқару жасағы табылған ер адамның денесін судан алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
«Ер адамның денесі суда ұзақ уақыт жатып қалған, оның суға қалай кеткендігі және кім екендігі анықталуда», - деп толықтырды Р.Иманқұлов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін