Жамбыл станциясында Қырғызстан азаматшасынан 5 кг героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл станциясында Қырғызстан азаматшасынан 5 кг героин тәркіленді

Жамбыл станциясында Қырғызстан азаматшасынан 5 кг героин тәркіленді

Жамбыл. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл станциясында Қырғызстан азаматшасынан 5 кг героин тәркіленді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне көліктегі Оңтүстік-шығыс ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Наурыз 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, көліктік Оңтүстік-шығыс ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Қырғызстан Республикасының азаматшасын тұтқындады. Одан салмағы 4 кг 974 грамм болатын героин тәркіленді.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы (Сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалушы уақытша тергеу изоляторында жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті