«Жамбыл облысының жұртшылығы еліміздің ҰҚК Шекара қызметіндегі жауапты қызметкерлердің Ан-72 әскери-көліктік ұшағының Шымкентке жақын жерде құлауы кезінде қаза тапқандығы туралы қайғылы хабарды жүректері ауыра қабылдады. Бұл қазақстандықтар үшін бейбіт уақыттағы орны толмас қайғы болып табылады. Шекарашылардың жарқын бейнелері біздің жадымызда ұзақ сақталады», — делінген жергілікті БАҚ-ның бірінде жарияланған Жамбыл облыстық әкімдігі мен мәслихатының көңіл айтуында.
Қаза тапқандардың арасында Жамбыл облысында әскери қызметтен өткен бес адам болды. Бұлар — 2038 әскери бөлімінің командирі, подполковник Асуан Бақбергенұлы Айтманбетов, 2035 әскери бөлімінің командирі, подполковник Қайрат Ахметқалиұлы Мұхамәдиев, 2093 әскери бөлімінің командирі, майор Алмаз Шаймұхамбетұлы Ыбыраев, 2093 әскери бөліміндегі «Сыпатай» шекаралық бақылау-өткізу бекетінің аға бақылаушысы, аға лейтенант Анатолий Олегович Филипко, 2093 әскери бөліміндегі «Сыпатай» шекаралық бақылау-өткізу бекетінің кіші сержанты Мақсат Жұмабайұлы Қонақбай.
28 жастағы М.Қонақбай Жамбыл облысындағы Меркі ауданының тумасы болып табылады.
«Жамбыл облыстық әкімдігі мен облыстық мәслихаты мемлекеттік шекараны күзетудің әрқашан алдыңғы позицияларында тұрған шекарашылардың мезгілсіз табуына байланысты аза тұтып, облыс жұртшылығының атынан олардың туыстары мен жақындарына көңіл айтуда.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаза тапқан әрбір шекарашының отбасына түрлі демеушілік көздерден бір миллион теңгеден бөлінеді.