Жанар Айжанова заманауи ролик жасаймын деп елдің сөзіне қалды - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар Айжанова заманауи ролик жасаймын деп елдің сөзіне қалды - видео

Жанар Айжанова заманауи ролик жасаймын деп елдің сөзіне қалды - видео

Интернетте пайда болған әнші Жанар Айжанованың жаңа ролигін жұрт қызу талқылап жатыр. 

  • 29 Наурыз 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл ролик ел назарын өзіне бұра алғанмен, оның авторына онша әбүйір әпере қоймаған секілді. Өйткені оқырмандардың көбісі 50-ден асқан әйелдің роликтегі іс-әрекеттері өз жасына сай емес деп тапқан.

"Жастарға үлгі болатын апа ғой, ерсі қылық танытқаны болмады" деп жазса желі қолданушының бірі, тағы бірі "Түк жараспайды, арзан жыртақойлықтың не қажеті бар, алжыды" деп ренжіген.

Ал роликте Айжанова кезінде хит болған Нұрлан мен Мұрат тобының "Шашы ұзын қыз" әнінің мақамына сап, әлеуметтік желі туралы ән салып, кәрістердің K-pop-ына ұқсатып билеп, түрлі челендждерді орындайды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Қызықты видео ➿ (@kyzyknews) on

 

Соңғы жаңалықтар