Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:
— Министр болып тағайындалғаныма 2-ақ күн болды. Бұл істің барысын жете меңгеріп, оның жауабын өздеріңізге айтамын. Бағдарламамызды дайындап, таяу күндері үлкен мәлімдеме жасаймыз.
Күні кеше ғана Бақытжан Жұмағұловтың орнына тағайындалған Білім министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздегі оқулықтар тапшылығы ғана емес, білім саласындағы басқа да түйткілдермен білек сыбана күресуге уәде етті. Нақтырақ айтсақ, ол Өскемен қаласындағы салынбай жарты жолда қалған мектеп құрылысын да басты назарда ұстамақшы. Ал, бұл мектепке бөлінген 1 жарым млрд.теңгені Жұмағұловтың орынбасары Саят Шаяхметов жымқырды деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Құлқыны кең шенділердің кесірінен қазір 700 орындық мектептің орны ғана тұр.