Жаңа спорт кешені ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа спорт кешені ашылды

Жаңа спорт кешені ашылды

Бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге жасалған қадам. Елордада тағы бір заманауи спорт кешені ашылып, пайдаланылуға берілді.

  • 12 Ақпан 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды  qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған орталықты «Полет-М» құрылыс компаниясы өз қаржысына салған.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан қонақтар жаңа сарай — спорттың дамуына серпін береріне сенім білдірді. Жастарды сергек болуға шақырды.

Орталықтағы бассейнге балаларды 2 айынан бастап апаруға болады. 25 метрлік хауызға ересектер де көп барады. Сондай-ақ мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сабақтар өткізіледі.

Заманауи стандарттарға сай салынған денешынықтыру-сауықтыру орталығы күніне жүздеген адамды қабылдауға қауқарлы. Грек-рим күресі, каратэ, дзюдо үйірмелері де бар. Бастысы, бағасы қолжетімді.


Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, әртүрлі спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік беретін жаңа нысан – халықтың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыратыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар