Кәмелет жасына толмаған балаларын жәутеңдетіп абақтыға қамалған көпбалалы ана нені аңсайды? Емізулі сәбиі барына қарамастан, қылмыс жасады деген жаламен сотталған әйел перзенттері есейгенде ғана бостандыққа шыға ма? Жаңа түскен келін неліктен асылып өлді? Қазақстаннан Қырғызстанға ұзатылған 19 жастағы бойжеткеннің бақыты неге баянды болмады? Үйінен қашқан оқушылар. Арақ ішкен ата-аналарын тастап, көшеде тентіреген ұл-қыздардың өксігі. Осы сенбіде, КТК арнасында, сағат кешкі 9-да басталатын «Другая правда» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар.