Жаңадан құрылған мәдениет және ақпарат министрліктерінің атқаратын міндеті айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңадан құрылған мәдениет және ақпарат министрліктерінің атқаратын міндеті айқындалды

Жаңадан құрылған мәдениет және ақпарат министрліктерінің атқаратын міндеті айқындалды

Жаңадан құрылған мәдениет және ақпарат министрліктерінің атқаратын міндеті айқындалды, -делінген үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 855
Фото - Caravan.kz

ҚР үкімет басшысы Д.Ахметов министрлік ұжымдарына жаңа басшыларын таныстыра отырып, екі министрліктің міндеттерін нақтылады. Атап айтсақ, мәдениет министрлігі мәдениет және өнер, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен айналысады. Сондай-ақ, ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, ҚР Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, оның қорғалуын қамтамасыз ету, пайдалану және сақтау міндеті де мәдениет министрлігіне жүктелді. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру да мәдениет министрлігінің құзырында.

Ал ҚР ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат және қоғамдық бірлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуі тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынастарды үйлестіруге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, Қазақстандықтарды отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды жүзеге асыру міндеті ақпарат министрлігінің міндетіне саналады.
Сондай-ақ, үкімет басшысы екі жаңа министрліктің, олардың қарамағындағы мекемелер мен аумақтық органдардың құрылуы мен жұмыс істеуіне қатысты бұйрыққа қол қойды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 13-қыркүйегінде бұрынғы ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің орнына ҚР мәдениет министрлігі және ҚР ақпарат министрлігі деген жаңа екі министрлік құрылған болатын. ҚР мәдениет министрлігін Дүйсен Қасейінов, ал ақпарат министрлігін Сауытбек Әбдірахманов басқаратын болды.

Соңғы жаңалықтар