Жаңаөзенде туып, осында 40 жылға жуық еңбек еткен Гүлмира Мұратқызы бұл мәселеде асығыстыққа жол бермеу керектігіне баса тоқталды.
«Бір қуантатыны, тек Жаңаөзен қаласы ғана емес, аймақтың өзге де елді мекендерінің бұл мәселеде сырт қалмауы қуантады. Жұртшылық өз пікірлерін қызу ортаға салып жатыр. Көпшіліктің тілегіне қолдау білдірілетін болса, бұл шынай демократияның белгісі болмақ. Бірақ бұл мәселеде асығыстыққа жол беруге болмайды», — дейді басқарма басшысы.
Бұдан басқа Гүлмира Қалмұратова мұнайшылар қаласының қордаланған проблемаларын шешу мәселесінде сан-саланы қамту қажеттігін айтады.