Бұл ауданымыздағы бөтелкеге құйылған таза су өндіретін алғашқы зауыт. «Қазақстанда жасалған» маркасымен шығарылатын өнім «Талдысу» деп аталады, деп хабарлады Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Цех басшысы — жаңақорғандық жас кәсіпкер Қайсар Абайханұлы. Ол енді бір ай көлемінде осында махш-шай шығаруды да қолға алатындықтарын, оның да барлық құрал-жабдықтары әкеліп қойылғандығын айтады.
Ал "Талдысу" табиғи таза ауызсуы кешеден бастап аудандағы дүкен сөрелеріне сатылымға шықты.