"Жаңылмайтын жақ болмайды. Кесем десең - міне басым!" Сейфуллин туралы даулы мақаланың авторы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаңылмайтын жақ болмайды. Кесем десең - міне басым!" Сейфуллин туралы даулы мақаланың авторы

"Жаңылмайтын жақ болмайды. Кесем десең - міне басым!" Сейфуллин туралы даулы мақаланың авторы

Жас қыздың өліміне себепкер болған Сәкен Сейфуллин деген мағынада мақала жазған драматург Сая Қасымбек кейіннен мақаланың "Әдебиет порталынан" не үшін алынып тасталғанын түсіндірді.

  • 31 Тамыз 2017
  • 6896
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Қаламгер бұл жайлы толығырақ әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Онда былай делінген:

"Естіген құлақта жазық жоқ" демекші, əр кезеңде тағдыры талқыға түсіп жататын қазақ қызының тағдыры жайлы бала кезімде естіген əңгімемді жазғаным рас. Оқиғаның екінші ұшы бар екенін ескермегенім де рас. Шу көтерілген соң барып таяқтың екінші ұшына үңіліп, ЕлдосТоқтарбайұлының парақшасында əруақтан кешірім сұрағаным, порталдан алдырып тастағаным да рас. Төреғали Тәшенов ағаның түбірлі оқиғаны жазғаны да рас. Əруақтың алдында бас иген соң, кейіңіздің тоқтамастан қаралауларыңыз — бой көрсетіп қалу ма деп қаламын. Періште көкте ғана. Қыз тағдырын қозғаймын деп, əруақты қосағында əкеткеніме өкінішімді білдірдім. Əбден таладыңыздар. Көндім. Бұл да бір сынақ деп қараймын. Бауыржанды маған қосақтап қаралай бермесеңіздер. Адамбыз. Сөзден сүрініп жатамыз. Десе де, əл-шамамның келгенінше қалам тартқан жан едім. Айтылған сөз- атылған оқ. Десе де, жеке бақастықпен пайдаланып қалғандарды да көріп отырмын. Əруақтың алдынан бас иіп өткен соң мұншалықты жалғастыру, "зиялымын" деп көкірек ұрғандардың өзіне сын. Жаңылмайтын жақ болмайды. Кесем десең — міне басым! "Датымды" жарияладым. Датымнан асырып тілдесеңіздер, қалған жерде адами жүректеріңіз білсін. Тасбауырланып тілдеуді жалғастырсаңыздар, сол жанға серт. Əйел жаны қырық шырақты демекші, қырқын сөндірсеңіздер, қырық біріншісін құдай жағар.

Еске салсақ, бұған дейін 
кезінде Сәкен Сейфуллиннің жас қыздың өз-өзіне қол салуына себепкер болғаны
туралы мақаладан үзінді жариялаған едік. Онда Түркістан өңіріне арнайы комиссиямен барған жазушының 16 жастағы қызды алдап, пайдаланып кеткені айтылады. Ал осы қорлыққа шыдамаған жас ару өз-өзіне қол салыпты. Артынан дау туындап кеткеннен кейін автор мақаланың түпнұсқасын алып тастады. 

Соңғы жаңалықтар