Жанқожа батырдың 240 жылдығы кеңінен атап өтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанқожа батырдың 240 жылдығы кеңінен атап өтіледі

Жанқожа батырдың 240 жылдығы кеңінен атап өтіледі

Қазалыда аудан әкімінің төрағалығымен Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығын атап өту жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының отырысы өткізілді, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында Бақыт Жақанов «Биыл Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығы. Баба мерейтойын жоғары деңгейде өткізу әрбірімізге сын», — дей келе мерейтойды республикалық деңгейде атап өту жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Өткен жылы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығын кең көлемде атап өту жөнінде облыс әкімінің өкімімен облыстық ұйымдастыру комиссиясы құрылды. Облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалды. Баба мерейтойын өткізу жөнінде ауданда да осындай комиссия құрылды.

Құрылысы бірінші кезекте аяқталуы тиіс болған батыр  атындағы мешіт жыл басында пайдалануға берілді. Бүгінде ол халықтың көп баратын орнына айналды.

Іс-шаралар жоспарында батыр бабаны кеңінен насихаттау үшін Қызылорда қаласынан еңселі ескерткішін орнату мен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар Қызылқұм беткейіндегі шекара бекетін Жанқожа батыр есімімен атау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ең бастысы, батырдың кіндік қаны тамған өңірдегі Жанқожа батыр ауылы тіректі елдімекен қатарына енгізілді.


Жалпы, ауылды абаттандыру жұмыстарына 130 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Сондай-ақ ауылдағы көшелерді жарықтандыруға 17,3 млн. теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, биыл батыр ауылындағы мектеп пен Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 90 орындық балабақша салынады.