Жарияланды: 590

Жануарларға арналған тұңғыш крематорий Ақтауда ашылды

Қазақстандағы жануарларға арналған тұңғыш крематорий Ақтауда ашылды. Онда қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселері өртеледі. Соңғы жылдары  қалада иесіз ит пен мекенсіз мысық қаптап кеткен. Олардың әр жерде жатқан өлекселерінің иісі қолқаны жарып қана қоймай, жұқпалы аурулардың ошағына айналып кете жаздады.

Ербол Қаршығаев, «Ақтау Электрикс» ЖШС директорының орынбасары:

- Крематорий қолданысқа берілгенге дейін аулаға көму арқылы жою болған. Осы аумақтан көптеген жұқпалы аурулар шықты. Сол себепті  биыл  1  мамырынан бастап крематорийді қолданысқа енгіздік.

Қала сыртындағы крематорийге апарып өртеу үшін барлық иесіз үй жануарларын аулау шарасы қызу жүруде. Мына мамандар бұрынғыдай итті өлтіру үшін кәдімгі қос ауыз мылтықты емес,  у құйылған инені қолданады. Ол ыңғайлы әрі қауіпсіз. Жануардың жаны кеткен соң, оны пеште жоғары температурада жағып жібереді. Бүгінге дейін крематорийде 214 ит пен 31 мысық жойылды. Ал  крематорийді  салуға 5 миллион теңге жұмсалыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін