“Жанымда болғанын қаладым”: Әкесін еске алған Тәуекел Мүсілім жылап қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 463.91
  • 544.63
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жанымда болғанын қаладым”: Әкесін еске алған Тәуекел Мүсілім жылап қалды (ВИДЕО)

“Жанымда болғанын қаладым”: Әкесін еске алған Тәуекел Мүсілім жылап қалды (ВИДЕО)

Актер Тәуекел Мүсілім әкесін еске аламын деп жылап қалды.

  • 13 Мамыр
  • 6
Видеодан скрин

Бұл туралы ол “Zamandas” подкастында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Әкем 2010 жылы өмірден өтті, онымен ашық сөйлесе алмадым. Егер әкем тірі болғанда оған барып, бірге сөйлесер едім. Неге өзін бұлай ұстады, неге бізді тастап кетті, неге суық болды, осы жайлы сұрар едім. Әкем маған қатты жетпеді, кез келген жігіт үшін солай деп ойлаймын. Жанымда болғанын, қолдағанын қаладым. Бірақ оның болмауынан баланың қасында әкенің болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндім”, — деді Тәуекел Мүсілім.

Еске сала кетейік, Тәуекел Мүсілімнің әкесі Сабыр Мүсілімнің қылмыс әлемінің серкесі болғаны көпшілікке белгілі.