Жапондықтар әлемдегі ең жылдам лифті жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапондықтар әлемдегі ең жылдам лифті жасап шығарды

Жапондықтар әлемдегі ең жылдам лифті жасап шығарды

Hitachi Ltd электротехника өндіретін  ірі жапондық компаниясы жаңа өнімді таныстырды -сағатына 72 шақырымға дейін қозғалатын әдемдегі ең жылдам лифті жасап шығарған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлад

  • 22 Сәуiр 2014
  • 280
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін Тайвань лифтісі ең жылдамы ретінде саналатын. Ол сағатына 60,6 шақырым жылдамдыққа дейін қозғалатын.

Hitachi мамандарының сөзіне қарағанда, жаңа лифтіні жасауда жоғары жылдамдыққа қол жеткізу үшін олар қуатты қозғалтқыш пен әлдеқайда жеңіл арқандарды пайдаланған.

Жаңа конструкцияны келесі жылдан бастап салынып жатқан 111 қабатты биіктігі 530 метр болатын Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы ғимаратта  пайдалана бастайды.


Hitachi өзінің өнімін Қытай нарығына жылжытуды  жоспарлап отыр. Бұл елде лифтіге қажеттілік әлемдік сұраныстың 60 пайызын құрайды, деп хабарлады компанияның өкілі Тосиюки Оно.