Жапония жағалауында тұрған круиз лайнерінде тағы 88 адам коронавирус жұқтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония жағалауында тұрған круиз лайнерінде тағы 88 адам коронавирус жұқтырған

Жапония жағалауында тұрған круиз лайнерінде тағы 88 адам коронавирус жұқтырған

Жапонияның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Diamond Princess круиз лайнерінде 88 адамның коронавирустың жаңа түрін жұқтырғанын мәлімдеді.

  • 18 Ақпан 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Министрліктің мәліметінше, 88 адамның 65-інде дене қызуы көтерілмеген, жөтел жоқ.

Еске салайық, осыған дейін Жапонияда 3700 жолаушысы бар круиз лайнерінде бір адамнан коронавирус табылған соң карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Diamond Princess кемесі 20 қаңтарда Йокогамадан шыққан, 3 ақпанда портқа оралған еді. Жапония билігі оның бортындағы қытайлықтан коронавирус табылғандықтан, 19 ақпанға дейін карантин жариялаған.

Соңғы жаңалықтар