Жапонияны жеңгеніне 70 жылдығын Қытай үлкен әскери шерумен атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияны жеңгеніне 70 жылдығын Қытай үлкен әскери шерумен атап өтті

Жапонияны жеңгеніне 70 жылдығын Қытай үлкен әскери шерумен атап өтті

Бейжіңнің бас алаңында қазақ жауынгерлері сап түзеді. Жапонияны жеңгеніне 70 жылдығын Қытай үлкен әскери шерумен атап өтіп жатыр. Осы салтанатты шараға біздің аэроұтқырлар әскері де қатысты. Шеруді Қытайда төрт күннен бері іссапармен жүрген Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 283
Фото - Caravan.kz

Әлемдегі жиырмаға жуық мемлекеттің қорғанысы, қарулы күші жиналған шеруді көруге бірнеше елдің басшылары келген. Қытай төрағасы Си Цзиньпин әр президентті жеке-жеке қарсы алып, қонақтарын орындарына  өзі жайғастырды. Қазақстан Қытайдағы шеруге Аэроұтқырлар әскерінің құрметті қарауыл ротасынан іріктеп 80 жуық сарбазды жіберіпті. Біздің жауынгерлер Бейжіңге бірнеше күн бұрын келіп, АҚШ, Франция, Ұлыбританиялық әріптестерімен бірлесе әбден жаттыққан. Сөйтіп, сымдай тартылған сарбаздар Тяньаньмэнь алаңынан жетінші болып  жүріп өтті.

Соңғы жаңалықтар