Жарты жылда не қымбаттап, не арзандады? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарты жылда не қымбаттап, не арзандады?

Жарты жылда не қымбаттап, не арзандады?

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі инфляция туралы мәліметтерді жариялады, азық-түлік бағасы орташа 2,5%-ға өсті

  • 2 Тамыз 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

2018 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында инфляция 2,7%-ті құрады, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі. 

Жеті айдың ішінде қызылша 35,7%, сәбіз 34,5%, құмшекер 12,1%, мәйекті ірімшік 8,1%, консервіленген сүт 7,1%, ірімшік және сүзбе – 6,3%, кофе 5,8%, сары май, ет өнімдері 4,5%, қышқыл сүт өнімдері 4,4%, қой еті 4%, жылқы еті 3,9%, сиыр еті 3,7%, жаңа сауылған сүт, шошқа еті 3,6%-ға қымбаттады.

Қияр 57,3%, қызанақ 44,2%, сарымсақ 26,7%, жұмыртқа 12,3%, тәтті бұрыш 10,4%, картоп 5,9%-ға арзандады.

Тұтастай алғанда, азық-түлік бағасы орташа 2,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3%-ға, ақылы қызметтер 2,8%-ға өсті.  


Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында ең көп қымбаттағандары – дизель отыны (12,9%), құрылыс материалдары — 4,2%, автокөлік — 4,1%. Ал бензин 2%-ға арзандаған.    

 

Соңғы жаңалықтар