Жарығы жоқ көшеде кішкентай қыз опат болды (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарығы жоқ көшеде кішкентай қыз опат болды (Видео)

Жарығы жоқ көшеде кішкентай қыз опат болды (Видео)

Қызылордада адамдар аялдамада тұрып мерт болса, Оралда он жастағы қыз жаяу жүргіншілер жолағында қаза тапты.

  • 22 Қараша 2019
  • 30
Фото - Caravan.kz

Оқушыны жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік қағып, оқиға орнынан тайып тұрған. Оқыс жайт сол жердегі бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Дәл осы бейнежазбаның көмегімен кінәлі жүргізуші де көп ұзамай қолға түсті.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кездейсоқ көлікте жазылып қалған сұмдық бейнежазбада 10 жастағы Айару Ермектің өмірінің соңғы сәті таспаланған. Әжесімен жаяу жүргінші жолағынан өтпек болған оны, жүйткіп келген көлік қаққан. Соққынның қатты болғаны соншалық, ол сол жерде тіл тартпай кеткен. Мектеп оқушысының өмірін жалмаған  жүргізуші оқиға орнынан қашып, автокөлігін тығып тастаған. Бірақ, кейін көп ұзамай ол қолға түсті.  

Нұрлан Бисенов, Орал қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары:
«Ол азамат жол оқиғасына қатыстығын айтты. Жасаған іс-әрекетін мойындап, автокөлік тыққан жерін көрсетті. Көлік тәркіленді. Оның зақым келген жерлері бар екені анықталды».

33 жастағы темір тұлпар иесі бұрын сотталғаны болып шықты. Соққан кезде ащы су ішпегенін сараптама көрсеткен. Қазір ол тергеу изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалған.  Мектептегілер оқуда озат, қабілетті болған оқушының үнемі жол ережесіне мұқият қарайтын еді, дейді.  

Эльмира Мырзашева, №44 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:   
«Қыз баланың өзінің үстінде жарықтандырығы лентасы болған. Курткасы өзі сондай. Қолында сіңлісіне алған лентасы болған. Бір метр. Қолында ұстап, мені көріп тұрады, ешкім баса алмайды деп айтып, жүгіріп бара жатқан жерінен қаққан».

Қайғылы оқиға болған жерге бүгін жергілікті жұрт жиналды. Олар 4-сынып оқушысы қайтыс болған аумаққа гүл шоқтары мен ойыншықтар қойды. Азаматтар барлығына жарықтың жоқтығы себеп дейді. Мәселе шешілмесе, жағдай қайталануы мүмкіндігін де айтады.

Эльмира Сегизекова, қала тұрғыны:
«Осы жол жайлы мәселені көтергенімізге көп болды. Жарық жоқ көшеде. Мына жол жасалынғанына бір-екі жыл болды. Өйткенімен, жарық жасалған жоқ. Енді машиналар деген зырғып жүреді. Қатты. Пешеходный полосаның суреті кетіп қалған».   

Дегенмен, қалалық шенеуніктер барлық жұмыстарды келесі жылға қалдырып отыр. Ал, каратэ мен би жарыстарында көптеген жеңістерге жеткен Айару әлем чемпионы болуды армандапты. Үйдің үлкеніне ата-анасы да үлкен үміт артыпты.    


 

Соңғы жаңалықтар