Жасөспірімдер түрме қызметкерін кепілге алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасөспірімдер түрме қызметкерін кепілге алды

Жасөспірімдер түрме қызметкерін кепілге алды

Бразилияда жасөспірімдерге арналған түрмеде жазасын өтеп жатқандар түзеу мекемесінің қызметкерлерін кепілге алды. Аяқ астынан бүлік шығарған қамаудағылармен полиция ұзақ уақыт келіссөз жүргізген.

  • 10 Маусым 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Оқиға Сан-Паулу штатындағы жасөспірімдерге арналған абақтыда болды. Түрменің 10 қызметкерін ойда жоқта кепілге алған олар мекеме ішінде от жаққан. Ал кейбір балалар болып жатқан оқиғаға тіпті назар аудармастан футбол ойнап жүре беріпті. Артынша белгілі болғанындай, кепілге түскен барлық адам босатылған. Әйтеуір, ешкім зардап шекпепті.