Темір жолдың екі жағында тұратын жастардың топқа бөлініп төбелесуіне шалқарлықтардың еті үйренген. Енді бұрынғыдай жұдырық ала жүгірмей, шолақ мылтықты асынып жүруді жасөспірімдер әдетке айналдырыпты. Жазғы каникул кезінде екі ауданның жиырмаға тарта жасөспірімі жаппай жұдырықтасқан. Сол төбелес кезінде мылтық атқан 18 жастағы жігіт енді темір торға тоғытылып отыр.
— Нұрлан Амантайұлы Жолқатов ҚР ҚК 257-бабы 3- бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын.
Айналдырған сегіз айдың өзінде Шалқар қаласында жастардың қару қолданып, тіпті адам өліміне әкелген тоғыз қылмыстық іс тіркеліпті. Енді полиция үй-үйді аралап қару тәркілеп жатыр. Бес күн ішінде 50-ден астам мылтықтың неше түрі табылған. Тәртіп сақшыларына ең қиыны Кеңес дәуірі кезінде қасқыр ату үшін шопандарға жаппай қаратылған қару болып отыр. Себебі, солардың бірде бірі осы күнге дейін есепке алынбапты.
Айбек Айтпаев, Шалқар ауданының прокуроры:
— 55-60 ж.ж. колхоз-совхоздарға үкімет тарапынан қару есепсіз, тіркеусіз таратылған. Статистикаға сүйенсек, Шалқар ауданына сол кезде мыңға жуық қару келген. Соның бәрі қазір қолда десек болады. Тіркеу болмағасын кейін табу қиын.
Енді Шалқар қаласының жастары өз-өздермен төбелесуді қойып, сырттан келетін жұмысшыларға тиісетін болған. Осыдан бірер күн бұрын теміржол салып жатқан бригадаға мылтықтан оқып атып, бірнеше адам жарақат алды. Қазір бұл іске қатысты да тексеру жүріп жатыр.