Жастар ұйымының белсенділері кандидат Қасымовқа 1-сынып оқушыларына арналған оқулық сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар ұйымының белсенділері кандидат Қасымовқа 1-сынып оқушыларына арналған оқулық сыйлады

Жастар ұйымының белсенділері кандидат Қасымовқа 1-сынып оқушыларына арналған оқулық сыйлады

«Рух мен тіл» жастар ұйымының белсенділері президенттікке кандидат, сенатор, патриоттар партиясының лидері Қасымовты мемлекеттік тілді білмейді деп айыптап, оған бірінші сынып оқушыларына арналған оқулық сыйлады.

  • 24 Наурыз 2011
  • 1528
Фото - Caravan.kz

«Біз Қасымовпен көзбе көз кездесіп, жастар атынан оның сайлауалды платформасы туралы дәл осы мемлекеттік тілде сөйлескіміз келеді және бізде Ғани Қасымовқа арналған тамаша сыйлық бар», — деп «Рух пен тіл» белсендісі Жанболат Мамай бүгін Алматыда Ғ.Қасымовтың сайлауалды штабының есігі алдында өткен акция кезінде бірінші сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығын көрсете отырып мәлімдеді.

Ж.Мамайдың айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде Ғ.Қасымов қазақ тілінде бірде-бір мәлімдеме және депутаттық сауал жасамаған.
«Бұл дұрыс емес, біз Мырзатай Жолдасбековтың төрағалығындағы лингвистикалық комиссияның Ғани Қасымов мемлекеттік тілді тамаша меңгерген деген шешіміне сенбейміз», — дейді ол.
Алайда штабта президенттікке кандидат болмай шықты. Сайлауалды штаб мүшелері штаб есігі әрдайым ашық екенін, ал Ғ.Қасымовпен кездесу туралы алдын ала ескерту керектігін айтады.
Кезектен тыс президент сайлауы 3 сәуірде өтеді.