"Жастарға орын берілсін": Елімізде ресми жұмыс істейтін зейнеткерлердің алатын зейнетақасы тоқтатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 522.49
  • 547.88
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жастарға орын берілсін": Елімізде ресми жұмыс істейтін зейнеткерлердің алатын зейнетақасы тоқтатылуы мүмкін

"Жастарға орын берілсін": Елімізде ресми жұмыс істейтін зейнеткерлердің алатын зейнетақасы тоқтатылуы мүмкін

Жұмыс істейтін зейнеткерлер таңдау алдында қалайын деп тұр.

  • 4 Қараша
  • 15
Фото: ЖИ ұсынған

2024 жылдың 1 қарашасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова журналистермен кездесуінде жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлемін уақытша тоқтату ұсынысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Dauletten.kz сайтының мәліметінше, қазіргі таңда зейнет жасына жеткен көптеген адам әрі қарай жұмысын жалғастырып, зейнетақы мен жалақыны қатар алып отыр.

«Олар жұмыстан кеткісі келмейді, өйткені олар үшін қолайлы жағдай бар – олардың білімі, тәжірибесі сұранысқа ие, сондықтан олар жұмысын жалғастыра алады. Осындай жағдайда бюджеттік төлемдерді олар жұмыстан шыққанша уақытша тоқтату ұсынылып отыр», – деді ол.

Оның айтуынша, үнемделген қаражатты 55 жасында зейнетке шығуды қалағандарға төлеуге бағыттауға болады.

«Бұл әлі талқылау сатысында. Өткен аптада біз сарапшылармен кездесіп, кейбір ұсыныстарды талқыладық. Әкімдер мен министрлер мемлекеттік қызметшілер болғандықтан, зейнет жасына жеткеннен кейін келісімшарт бойынша бір жылға ғана жұмысын жалғастыра алады, одан кейін зейнетке шығуға міндетті болады. Мысалы, маған зейнет жасына жеткеннен кейін жұмысымды жалғастыру ойым бар ма деп сұрады. Мен жұмысымды жалғастыруды жоспарлайтынымды айттым. Ғылыммен айналысуға немесе сабақ беруге мүмкіндігім бар. Егер мен зейнетке шықпай, әрі қарай жұмыс істей берсем, зейнетақы алмай, тек жалақыға ғана өмір сүретін боламын», – деп түсіндірді министр.

Жақыпованың айтуынша, бұл норманы қолдау немесе қолдамау мәселесін қазақстандықтар өздері шешеді.

«Егер барлық қазақстандықтар: ‘О! Жақсы екен, зейнеткерлерге зейнетақы төлемеуге келісеміз, кім ертерек шыққысы келсе…’ – десе… Ал ерте шығуды кім қалайды? Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар, көпбалалы аналар, қауіпті және ауыр жағдайда жұмыс істейтін адамдар. Бұлардың бірнеше категориясы бар. Сондықтан бұл жерде таңдау құқығы қоғамның еншісінде, және қоғам бұл мәселені өзі талқылауы тиіс», – деп түйіндеді Жақыпова.