Жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен бірге үйренсе, ешқандай радикалды топтарға қосылмайды - Ержан қажы Маямеров - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен бірге үйренсе, ешқандай радикалды топтарға қосылмайды - Ержан қажы Маямеров

Жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен бірге үйренсе, ешқандай радикалды топтарға қосылмайды - Ержан қажы Маямеров

Жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен бірге үйренсе, онда ешқандай радикалды топтарға қосылмайды.

  • 9 Маусым 2015
  • 623
Фото - Caravan.kz

Бұл пікірді бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеров білдірді.

«Діни басқарманың негізгі жұмысы — руханиятпен айналысу. Жастарды өзіміздің дәстүрлі дініміз үйрету. Біз қандай да бір лаңкестікпен қалай күресе аламыз? Ең біріншіден, жастарға дұрыс дәстүрлі дінімізді үйрету қажет. Егер жастарымыз дәстүрлі дінімізді үйренген болса, соны толыққанды білген болса, онда ол басқа бір лаңкестік, басқа бір зиянды жаққа бармайтыны анық. Оның шешімі қандай да бір оқу орындары, болмаса, қандай да бір ортада өзіміздің дәстүрлі дінімізді көбірек насихаттау, жастардың санасына көбірек жеткізу керек. Қазір өздеріңізде білесіздер, дін мен дәстүрді көтеріп жатырмыз. Расында да дініміз бен дәстүріміз біте қайтасып кеткен дүние. Егер жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен қоса үйренетін болса, онда ешқандай радикалды топтарға қосылып кетпейді», — деді Ержан қажы.


Оның пайымынша, дәстүрлі дін ол ынтымаққа, бейбітшілікке шақыратын дін. Екіншіден, қазақтың баласының санасына өзіміздің салт-дәстүріміз сіңген болса, ол ешқандай да радикалды топқа бармайды.

«Бүгін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алдындағы отырысты көрдіңіздер. Дін иелері көптеген мәселелерді көтеріп жатыр. Бұл съездің маңызы жылдан-жылға артып келе жатыр. Неге десеңіздер, әлемдегі түрлі дінаралық немесе саяси қақтығыстардың барлығы ертеңгі күні бір алаңды іздейтін болады. Бүкіл саясаткерлердің, болмаса, діндарлардың басын қосатын алаң керек болады. Сол алаң Құдай қаласа, осы бүгінгі дін лидерлерінің съезі деп айта аламын», — деді ол.