Себебі мұхит асқан балалар шетелдегі консулдықтарда тіркеуге алынады. Қайда тұратыны туралы да ақпарат бар. Алайда, біздің дипломаттар қаракөздердің тағдырынан бейхабар екендіктерін ақыры мойындады. Жағдайдың ушыққанын енді түсінген Сыртқы істер министрлігі 23-ші қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесіп, қорлық көрген қазақстандық жасөспірімдердің мәселесін көтермекші. Айта кетсек, осы кезге дейін Қазақстаннан 9 мыңға жуық ұл-қыз шекара асқан.