Министрдің айтуынша, қазір жатақхана орындарының тапшылығы Алматы қаласында қатты сезіледі. Себебі мегаполисте 35 университет шоғырланған. 200 мың студент білім алады, оның 70%-і өңірлерден келгендер.
"Қазір ең үлкен мәселе – Алматы қаласында. Шамамен 19-20 мың төсек-орын жетіспей тұр. Студенттердің отыз пайызы Алматыдан, жетпіс проценті басқа өңірлерден. 2026 жылға дейін жатақхана орындарының жетіспеушілігін 70-80% жабу жоспарда бар. Ал 2029 жылға қарай 100 пайыз жабатын боламыз", — деді Саясат Нұрбек үкімет кулуарында.
Ол жатақханасыз қалған студенттер үшін жедел штаб құрылғанын атап өтті.
"Далада қалып қойған кез келген бала жедел штабқа хабарлассын. Штаб 24 сағат бойы жұмыс істейді", — деді министр.