Жаһанды жаулаған пандемияны бірге жеңеміз! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаһанды жаулаған пандемияны бірге жеңеміз!

Жаһанды жаулаған пандемияны бірге жеңеміз!

27 cәуір 2020 жылы президентіміз Қ.К.Тоқаев ТЖ-ға байланысты үндеу жолдады. Оның сөзі бойынша, мемлекетіміз 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимінде жүр. Мемлекетіміз үшін ең маңыздысы, пандемия геометриялық прогрессияда өсіп жатқан жоқ.

  • 28 Сәуiр 2020
  • 114
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Елімізде карантинге байланысты қатаң түрде шектеулер қойылған. Қоғамдық көліктердің жұмыстары тоқтатылды, көптеген кәсіпорындар мен мекемелер қашықтықтан жұмыс жасауды бастады, көшелер мен тұрғынүй объектілерін залалсыздандырылуда, барлық індет жұқтырған науқастар медициналық көмек алып жатыр.

Қашықтықтан жұмыс жасау бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін атап айтуға болады. Барлық лекциялар мен семинарлар, жиналыстар онлайн режимде өтуде. Тіпті мерекелік, оқу ісі жөніндегі іс-шараларды да студенттер мен оқытушылардың ұйымдастыруымен онлайн режимде өткізуде.

Біз аты айтылған университеттің биология және биотехнология факультетінің оқытушылары президентіміз Қ.К.Тоқаевқа алғыс айтып, оны толығымен қолдайтынымызды жеткізгіміз келеді. Уақытылы қолданған шаралардың арқасында бірде-бір студент немесе оқытушы жаман індетті жұқтырмады. Ал, оқытушылар болса жаңа оқу форматын игерді.

Елбасы Қазақстандағы аурудың шарықтау шегі толық өткен жоқ деп ескертті. Заңға байланысты ТЖ 11 мамырда аяқталады, әрине, эпидемияның жаңа массалық таралуы туындамаса. Бұл жағдай орын алмайды деп үміттенеміз!


Сауда-ойын сауық кешендері, кинотеатрлар, мейрамханалар, парктер мен басқа да көпшілік жиналатын орындар әзірше жабық болады. ЖОО, колледждер мен мектептер қашықтықтан оқуды жалғастырады.

Біз толығымен президентіміз Қ.К.Тоқаевты қолдаймыз! Тек бұл шараларды қолдану арқылы біз жаһанды жаулаған пандемияны бірге жеңеміз!

Бірлесе отырып біз қиындықтар мен проблемаларды шешеміз!

Біз біргеміз!

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы — Гүлшат Қапалқызы Атанбаева мен оқытушы — Мадина Молсадыққызы.
 

Соңғы жаңалықтар