ЖЭО мемлекет меншігіне қайтарған дұрыс па?: Танымал сарапшы ел күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖЭО мемлекет меншігіне қайтарған дұрыс па?: Танымал сарапшы ел күтпеген мәлімдеме жасады

ЖЭО мемлекет меншігіне қайтарған дұрыс па?: Танымал сарапшы ел күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстанда өткен жылыту маусымында ЖЭО саласында бірқатар олқылықтар бар екенін анық байқалды.

  • 3 Мамыр 2023
  • 93
Фото - Caravan.kz

Осы орайда Сaravan.kz. тілшісі белгілі энергетик, сарапшы Хайрушев Жақыппен тілдесіп, осы саланың бүгінгі жай-күйі жайлы білген еді.

Жақып Ғалиұлы, өткен жылыту маусымында ЖЭО-дағы бірқатар мәселелердің беті ашылды. Енді оны шешу үшін Үкімет тарифтерді көтеру керек деді. Сонда аталған проблеманы шешудің басқа жолдары жоқ па? Осы мәселені шешу үшін, міндетті түрде тарифті көтеру керек пе?

Бізде ЖЭО-ында екі түрлі тауар бар. Ол электр және жылу энергиясы. Қазір елдің көп аймақтарында жылыту маусымы өшірілді, демек тарифтер көтерілсе де, халық оны төлемейді. Себебі жылыту өшірілді ғой? Демек олар тек 15 қазаннан бастап жоғарылатылған тариф бойынша төлем жасай бастайды, ал ол кезде жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Бұл жерде тек электр энергиясы үшін тарифтер көтерілуі мүмкін, бірақ бізде ол тарифтер бағамы айтарлықтай жаман емес. Бұл жерде электр энергиясына тарифтерді энергетика министрлігі бекітеді. Ал жылу энергиясының тарифтерін табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді және өкінішке қарай, кейінгі жылдары ведомство осы тарифті экономикалық емес, саяси құраушы ретінде қарастырып келе жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы жылдары жылу энергиясы тарифтері айтарлықтай төмендетіліп келді. Бірақ қайталап айтамын, егер бүгіннің өзінде электр энергиясына тарифтер көтерілетін болса, оның тиімділігін электр станциялары тек 15 қазаннан бастап, барлық жөндеу жұмыстары аяқталған кезден бастап қана көре бастайды. Өзіңіз ойлаңыз, кім қазірден бастап ақшаны құйып, ал оның тиімділігін тек кейін көресің деген талаптармен келісе береді? Сондықтан жағдайдың мүшкіл екенін мойындауымыз керек.

Демек елдегі ЖЭО мәселесін шешу үшін, тек тарифтерді көтеру керек қой?

Тағы да қайталап айтамын, электр станциялары тарифті өз бетімен ешқашан көтере алмайды. Барлық тарифтер тек құзыретті органдардың бақылуымен бекітіліп, реттеледі. Егер көмір электр станциясы болса, онда көмір өндірушілер өз тарифін жоғарылатқан жағдайда ғана көтереді. Ал көмір өндірушілер энергетиктермен салыстырғанда монополистер емес, ол кез келген уақытта тарифті көтере алады. Бұл ретте монополистер тарифті тек жылына екі рет қана көтере алады. Сондықтан егер ешкім тарифтерді қосымша көтермесе, электр және жылу энергиясына тариф көтерілмейтін еді. Тағы бір айта кететін жағдай, біздің отандық энергия-машина құрылысы саласы өкінішке қарай қатты дамымаған. Яғни электр станцияларының барлық құрылғылары шетелде дайындалады. Ол Ресей, Қытай, Украина т.б. Бұл елдер әрине өз қондырғыларына бағаларын тіпті күнде арттыруы мүмкін. Сондықтан энергетиктер мұндай бағалардың соңынан үнемі «қуып» жете алмайды. Сол себепті өзін шығынға батыра отырып, жұмыс істей бастайды, жалақы көтерілмейді, жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілмейді. ЖЭО тозғаны бұл жылдар бойғы осы салада шешілмей келе жатқан мәселелердің салдары болып отыр.

Екібастұздағы сияқты жағдайлар қай өңірлерде орын алуы мүмкін?

Аудиторлық есеппен таныс болмағандықтан, оған нақты жауап беру қиын. Себебі Үкімет барлық электр станцияларының техникалық аудитына тапсырыс бергенін білесіздер. Бірақ бізде БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сәйкес, тозу көрсеткіші бойынша Арқалық, Орал, Кентау, Қызылорда, Степногорск және т.б. алдыңғы орында тұр.

Ал ЖЭО-рын мемлекет меншігіне қайтарып беру мәселені шешпей ме?

Жоқ, егер ЖЭО мемлекеттік меншікке қайтарылатын болса, олар бірден тарифтерді жоғарылатады деп ойлайсыздар ма? Тағы бір ескеретін мәселе, еліміз бойынша ЖЭО ең тозып тұрғандар қатарында Орал ЖЭО бар ғой? Ал ол үнемі мемлекет меншігінде болды емес пе? Сол сияқты Арқалық та, Кентау да солай. Екібастұз бұл тізімде соңынан санағанда тозу көрсеткіші бойынша үшінші орында тұр, ал ол жекеменшік ЖЭО болды.

Демек ЖЭО жекеменшік иелігінде болғаны дұрыс қой?

Бұл жерде негізі мәселе жеке немесе мемлекеттік меншігінде болуында емес. Мәселе ЖЭО кімнің иелігінде болса да, ондағы жұмысты сапалы жүргізу.

Бұл жерде бәлкім заң әлсіз бе? Мәселен Д. Ахметовтың Риддер ЖЭО-на қатысты пікірі осындай еді… Келісесіз бе?

Риддер ЖЭО кезінде, менің білуімше, Қазмырышқа тиесілі болған, кейін ол одан бас тартып, өзінің жекеменшік қазандығын салған. Және ол тек осы ауданды жылыта алады, сосын ол мемлекет меншігіне беріледі, міне сол кезде онда жөндеу жұмыстары жүргізілмегені анықталады. Сол кезде әрине жергілікті әкімдік, егер ЖЭО-да тиісті жұмыстар жүргізілмесе, онда әкім мемлекетке қайтарамын деуі мүмкін, яғни әкімнің бұлай айтуы бұл жерде орынды. Бірақ алдымен ескерту жасалуы тиіс, егер мұндай апатты жағдай қайталана берсе, әрине тиісті шаралар қабылдау керек. Ал Екібастұздағы жағдайға келер болсақ, қайталап айтамын, ол жекеменшікте болса да, тозу көрсеткіші бойынша ең төменгі деңгейде тұр, мұнда жылу желілері тозған деп айтар едім, яғни жылу желілері адамдардың бақшалары арқылы тартылған. Ал олар өз кезегінде жылуды алады ғой? Мұнда жай ғана жылы су емес, химиялық тұрғыда тазартылған су өтеді. Яғни судың әр куб метріне химиялық тазарту үшін, миллиондаған ақша кетеді. Егер жылу желісі суды қажетті мөлшерде қайтара алмаса, демек ол кәдімгі сумен араласады. Ал ол тотығуға әкеледі, міне осының бәрі құбырлардың жарылуына әкеп соқтырды.

Астанада да тұрғын-үйлердің тым көп салынуына байланысты жылыту қазандықтарына салмақ түсіп, кей аудандарда тіпті су үнемделіп беріледі деген қауесет бар… Бұл қаншалықты рас?

Бұл қала шаруашылығын сауатсыз жоспарлаудың салдары. Яғни шаһардағы үйлерді қорап сияқты бірінің үстіне бірін сала берген. Алдымен әрине энергетикалық инфрақұрылымды әзірлеп алу керек еді. Негізі энергетика құрылыстан бірінші жүруі керек. Яғни егер сен миллион шаршы метр үй салсаң, онда сен осы мөлшерден су және жылу бойынша 20 пайызға артық істеуің керек. Яғни резерв, қор керек. Әрине бұл жерде әкімдіктің кемшілігі… Егер үшінші ЖЭО-ғын президентке уәде бергендей 2023 жылдың 22 желтоқсанына дейін салып бітірі алмаса, онда мемлекет басшысы әкімді орнынан босатуы тиіс деп ойлаймын.

Әңгімеңізге рахмет!

Соңғы жаңалықтар