Жеке куәліктің электронды нұсқасы шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің жеке куәлігін электронды түрде табу оңай. Жеке куәліктердің электронды түрі «eGov mobile» мобильді қосымшасында қолжетімді. #NITEC («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ) веб-әзірлеушілері жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Егер сізде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болмаса, «eGov mobile» мобильді қосымшасының көмегімен QR-код арқылы оның электронды нұсқасын қолдана аласыз», — деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
«eGov mobile» мобильді қосымшасы Play Market (Android) және App Store (iPhone) қосымшаларында қолжетімді. Оны қалай қолдану керектігі туралы @nitec.kz және @egov.kz сайттарынан білуге болады.