Жарияланды: 90

Желіде балағаттаса, не істеуге болады? Адвокат жауап берді

Желіде балағаттаса, не істеуге болады? Адвокат жауап берді

Белгілі адвокат Кұндыз Өтебекова желі қолданушылары балағат сөз жазған жағдайда не істеу керек екенін айтты. 

Бұл туралы Instagram парақшасында жазылды, деп хабарлады Stan.kz.

"Егер пікірде сіздің жеке басыңыз бен абыройыңызға кір келтіретін сөз жазылса, желі қолданушының кім екені белгілі болса, сотқа арыз жаза аласыз. Соттан желі қолданушысынан сөзін теріске шығаруды ғана емес, моральді өтемақы талап ете аласыз", - дейді адвокат. 

Пікірді суретке түсіріп, нотариуспен нақтылаған артық болмайды. Оны сот материалына бересіз. 

Алайда көп жағдайда балағат сөз жазатындар белгісіз тұлғалар. Тәжірибеде жалған парақша атынан жазатындарды табу қиынға соғады. Тіпті мүмкін емес. Полиция оларды сирек іздейді. ⠀

Мұндайда жәбірленуші желі қолданушысын бұғаттап тастай алады. Осыдан соң одан жаман пікірлер келмейді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін