Желіден аудио жазып, қоңырау шалуға қауқарлы жаңа вирус табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіден аудио жазып, қоңырау шалуға қауқарлы жаңа вирус табылды

Желіден аудио жазып, қоңырау шалуға қауқарлы жаңа вирус табылды

Қолданушы аталған зиянды бағдарламаны жүктеп, ашқанда, экранда терезе пайда болады.

  • 21 Маусым 2018
  • 67
Фото - Caravan.kz

Желіден вирус кірген құрылғыларды басқарып, Telegram мессенджеріндегі боттың көмегімен ақпарат ұрлайтын жаңа вирус табылды, деп хабарлайды Today.kz ESET антивирусына сілтеме жасап. 

HeroRat (Remote Administraton Tooll) Android құрылғысын іштен басқару үшін жасалған. Авторлар оны Malware-as-a-Service үлгісі бойынша жалға береді, бұл өте зиянды. Үш түрі (қола, күміс, алтын) бар, олар бір-бірінен қызметі мен құны жағынан ерекшеленеді – 25, 50, 100 доллар тұрады. 

Зиянды бағдарламаның аталған түрі 650 долларға сатылады, техқолдаудың видеоарнасы қарастылырған 

HeroRat құрбандарын Android-құрылғысындағы ресми емес дүкендерден, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерден іздейді. Шабуыл жасаушылар сыйлыққа биткойн береміз, тегін мобильді интернет пен әлеуметтік желіде жазылушылар санын көбейтеміз деп қолданушының сеніміне кіреді. Google Play таза. Көп вирус Иран аумағында кірген. 

Қолданушы аталған зиянды бағдарламаны жүктеп, ашқанда, экранда терезе пайда болады. Бұл жақта бағдарлама жұмыс істемейтінін және жойылатыны жазылады. ESET ағылшын және персид тіліндегі үлгілерін байқады. Жойылған соң қосымша жоқ болып кетеді, ал троян қолданушыға көрінбей өз жұмысын жасай береді. 


Жаңа троян хабарлама жіберіп, контактілерді ұрлауға, қоңырау шалып, аудио жазуға, скриншот жасап, гаджеттің мекенжайын анықтауға, тіпті баптауды өзгертуге қауқарлы. 

Соңғы жаңалықтар