Желтоқсан айында Шымкентте қоқыс өңдейтін алғашқы зауыттың құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсан айында Шымкентте қоқыс өңдейтін алғашқы зауыттың құрылысы басталады

Желтоқсан айында Шымкентте қоқыс өңдейтін алғашқы зауыттың құрылысы басталады

ШЫМКЕНТ. 2-қараша. Kazakhstan Today. Желтоқсан айында Шымкентте қоқыс өңдейтін алғашқы зауыттың құрылысы жүргізіле бастайды. Бұл туралы "Тазалық-21" ЖШС директоры Нұрлан Дәулетбаев баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Қараша 2006
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Келесі аптадан бастап химиялық жобалар жөніндегі ҚазақҒЗИ-ның мамандары жобаны дайындауға кіріседі. Ал біз құрылыс алаңы мен жолдарды жөндеуге кірісеміз»,- деді Н.Дауылбаев. Оның айтуынша, зауытқа арналған жабдықтар Ресейден сатып алынған, бірақ, олар елімізге әзірге жеткізілген жоқ. Қазір ол жасап шығарылған зауытта тұр. Зауыттың құны 5,5 млн. долларға бағаланған.

Н.Дәулетбаевтың айтуынша, кәсіпорында қоқыстың басым бөлігі өңделеді деп күтілуде. Мәселен, пластмассадан құмыра және леген тәрізді бұйымдар, ал әйнектерді балқытып жергілікті сыра зауытына арнап бөтелкелер өндіру межеленген. Зауыт құрылысы жарты жылда аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті