Желтоқсан жұртқа жайсыз болайын деп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсан жұртқа жайсыз болайын деп тұр

Желтоқсан жұртқа жайсыз болайын деп тұр

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы жауын шашынсыз болады.

  • 3 Желтоқсан 2016
  • 2551
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар