Желтоқсанда Астанада 3 денсаулық сақтау нысаны ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсанда Астанада 3 денсаулық сақтау нысаны ашылады

Желтоқсанда Астанада 3 денсаулық сақтау нысаны ашылады

Астанада желтоқсан айында тәуелсіздік үні қарсаңында 3 жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылады, деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Аида Балаева.

  • 16 Маусым 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Көп көлемде қаржы бөлудің арқасында соңғы 2 жылда ғана 4 жаңа медициналық нысан салынды, ол жерде ең соңғы жабдықтар орнатылды. Тағы 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып қалды. Оның үшеуін тәуелсіздік күні қарсаңында ашу жоспарланған», — деді А. Балаева бейсенбі күні республикалық ғылыми форумда.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, желтоқсан айында Астанада 500 төсектік көпбейінді стационар, бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешен, бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын диагностикалық емханасы бар 350 орындық көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға беріледі.

«… Елорданың денсаулық сақтау жүйесі … табысты және инновациялық болуы үшін оны қаржыландыру жыл сайын 25-30%-ға арттырылады», — дедіА. Балаева.

Республикалық дәрігерлер форумы Қазақстанда 17 маусымда атап өтілетін медициналық қызметкерлердің күніне арналып отыр.

Қазақстан тәуелсіздігінің күні 16 желтоқсанда атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар