Желтоқсанда елордада күнкөрістің ең төмен деңгейі 19 205 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсанда елордада күнкөрістің ең төмен деңгейі 19 205 теңгені құрады

Желтоқсанда елордада күнкөрістің ең төмен деңгейі 19 205 теңгені құрады

Астанада 2013 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейі 19 205 теңгені құрады.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 301
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады.

 «Халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда, негізгі азық-түліктерді тұтынудың ең төмен мөлшерінен алып есептегенде, өткен аймен салыстырғанда 1,6% артып, 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,3% төмендеді»,- делінген хабарламада.

 Айта кетейік, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындар үлесі 24,2%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа 16,5%, жемістер мен көкөністер 9,5%, нан мен жарма өнімдері 8%, қант, шай мен қоспалар 1,8% құрады.