Желтоқсанның басында Әбу Дабидің ханзадасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсанның басында Әбу Дабидің ханзадасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Желтоқсанның басында Әбу Дабидің ханзадасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Астана. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 1-ші желтоқсанда Әбу Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заида Аль Нахайян Қазастанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 661
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, «сапар барасында мұрагер ханзада Қазақстанның елбасымен кездесіп, екіжақты қатынастар жөніндегі мәселелерді талқылайды». «Атап айтқанда, Қазақстан аумағында әмірліктің қатысуымен мұнайхимия кешенін, газ өңдеу жөніндегі кәсіпорындары мен алюминий зауытын салудағы бірқатар инвестициялық жобаларды талқылау жоспарлануда»,- деді Е. Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті