Жарияланды: 3600

Жемқорлық үшін сотталған Тұңғышбай Жаманқұлов жақында сахнаға шыға ма?

Жемқорлық үшін сотталған Тұңғышбай Жаманқұлов жақында сахнаға шыға ма? Сурет - видеодан скриншот

Алматыда өткен жылдың жазында сотталған белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловтың қатысуымен концерт өткізілгелі жатыр. 

Бұл туралы актер Асқар Наймантаевтың жеке парақшасына салған жазбадан белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Актер Алматыда "Қызық кәнсерт" атты кеш өтетінін айтқан. Ал оның афишасында басқа да танымал актерлермен қоса Тұңғышбай Әл Тарази (Жаманқұлов) де бар.

Концерттің афишасы. Фото - facebook.com/askar.naymantaev
Концерттің афишасы. Фото - facebook.com/askar.naymantaev

Естеріңізге салсақ, Тұңғышбай Жаманқұлов өткен жылы маусым айында фильм түсіруге бөлінген 69 миллион теңгені жымқырғаны үшін сыбайластарымен бірге шартты түрде 7 жылға сотталған еді. Бұл жазаның өзі рақымшылыққа байланысты екі есе қысқартылды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін