Жер қойнауын пайдалану саласында заңнамаларды бұзғандығы үшін мемлекет есебіне 1 млрд теңгеден аса қаржы аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер қойнауын пайдалану саласында заңнамаларды бұзғандығы үшін мемлекет есебіне 1 млрд теңгеден аса қаржы аударылды

Жер қойнауын пайдалану саласында заңнамаларды бұзғандығы үшін мемлекет есебіне 1 млрд теңгеден аса қаржы аударылды

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша заңнамаларды бұзғандығы үшін мемлекет есебіне 1 млрд теңгеден аса қаржы аударылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сүйене отырып.

  • 20 Наурыз 2008
  • 613
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалануға беру құқығының заңдылығы мен және жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттарын орындауы бойынша «Батысқазнедра» басқармасының территориалдық кен орындары мен геологиялық аймақтық инспекциясын, энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті қызметіндегі жер қойнаулары бойынша келісім шарттарының орындалуына қатысты тексеру жүргізді. Сондай-ақ, лицензиялық келісім шарттары мен ҚР жер қойнауы заңнамаларының орындалуы тексерілді.

Тексеру кезінде пайдалы қазбаларды шығару және барлау жұмыстары бойынша жасалған келісім шарттар талаптарының орындалмағандығы, шарттар мерзімінің ұзартылуы дұрыс жасалмағандығы анықтылды. Сондай-ақ, жер қойнауын дұрыс пайдаланбағандарға қатысты ешқандай шаралардың қолданылмағаны белгілі болды. Аймақтағы минералдық шикізат кешенінің тұрақты дамуына және жер қойнауын тиімді пайдалануға тосқауыл болған келісім шарт міндеттемелері бойынша жасалатын жұмыс көлемі заңсыз төмендетілген деректер де ашылды.

«Тексеру кезінде белгілі болғанындай, бір жылдан астам уақыт бойы жер қойнауы пайдаланған бес компания келісім шарттағы қаржылық міндеттемелерін 70 пайыздан төмен орындаған, ал «Богдо-Тас»ЖШС, «Оралинерт»ЖШС мен «134»ЖШС — жұмыстарын 30% атқарған. Бұл жұмысты бақылайтын мемлекет органдарының немқұрайдылығы байқалады. Олар міндеттемелерін дұрыс орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға ескерту қағаздарын жіберумен ғана шектеліп отырған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

15 жер қойнауын пайдаланушының қызметінде өндірістік және экологиялық қауіпсіздігі талаптарының орындалмағаны анықталды.

Прокуратура органдарының тексеру қорытындылары бойынша заң бұзушылықтарды жоюға қатысты жеті таныстыру және бес қарсылық енгізілді.

Тәртіптік жауапқа бес адам тартылып, соның ішінді облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің бастығы Г. Дүсембаев және «Батысқазнедра» басқармасының территориалдық кен орындары мен геологиялық аймақтық инспекциясының бастығы М. Тінәлиев те бар.

Ал әкімшіліктік жауапқа сегіз адам тартылып, оларға 691 мың теңге айып пұл салынды. Жер қойнауы бойынша міндеттер орындалмаған келісім шарттарды бұзу шаралары қолға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті