Жарияланды: 560

Жер сілкінісі салдарынан Алматы облысында бірнеше мектеп ғимаратына ақау келді

Жер сілкінісі салдарынан Алматы облысында бірнеше мектеп ғимараты мен тұрғын үйлердің қабырғасына ақау келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Владимир Работягов хабарлады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, облыстың Ұйғыр және Райымбек аудандарында 7-8 мектептің ғимараты бүлінген. Ал бүлінген үйлердің нақты санын Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан құрылған арнайы топ анықтау үстінде. Қазақстан аумағында зілзаладан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-желтоқсанда таңертеңгі 7 сағат 40 минутта Алматы және Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 300 шақырымда, Нарынқолға таяу жерде ҚХР аумағында болған. Сілкініс ошағында 7 баллдық, ал Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді. Шетелдік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ҚХР-да жер сілкінісі салдарынан 10 адам қаза тапқан, жарақаттанғандар да бар. Зілзала ошағында құтқару қызметтері жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін