Жер сілкінісінен зардап шеккен Т.Рысқұлов атындағы аудандағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 15-қарашаға дейін аяқталады
Жер сілкінісінен зардап шеккен Т.Рысқұлов атындағы аудандағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 15-қарашаға дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін, 23-қазанда Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс комитетінің төрағасы Қайсар Омаров хабарлады. |
Ал үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павловтың ақпаратына жүгінсек, қазіргі таңда мемлекеттік комиссияға 7502 үйдің 449-ы тапсырылған жоқ, соның ішінде 50 үйді күрделі жөндеу, 400-ге жуық үйдің құрылысын салу жұмыстары аяқталмай отыр.
А.Павлов нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының айрықша қарқынды жүргізіліп жатқанын, жұмыс ауқымының үлкендігін атап көрсетті. "Жұмыстар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуда",- деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. "Бір нысанды қалпына келтіру жұмысына 20 мыңнан астам құрылысшы жұмылдырылғандықтан, жалпы ауданды қалпына келтіру - еліміз тарихында "бұрын-соңды болмаған" қауырт құбылыс болды",- деп атап көрсетті.
А.Павловтың айтуынша, республикалық, аймақтық және ұлттық компаниялардың бюджетін қоса есептегенде, зілзаладан зардап шеккен ауданды қалпына келтіруге бағытталған жалпы біріккен бюджет 15,2 млрд. теңгені құрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін