Жер телімін заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер телімін заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды

Жер телімін заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды

51 жер телімін заңсыз қосалқы шаруашылық ретінде табыстағаны анықталды.

  • 14 Қараша 2017
  • 162
Фото - Caravan.kz

Кадастрлық құны 56 млн теңге болатын 51 жер телімін халыққа заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды, — деп хабарлайды Хабар 24.

Қарақия ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысының бұрынғы басшысы коммерциялық мақсаттағы жер телімдерін қосалқы шаруашылық үшін деп тұрғындарға таратып келген.

Кейін ол жерлердің құжатын кәсіпкерлік нысан немесе тұрғын үй салуға ауыстырып отырған. Мемлекеттік қызметкердің айласын аудандық про-куратура әшкерелеп, жалпы көлемі 8,25 гектар жер телімін мемлекетке қайтарды.

Бұл дерек тәртіптік кеңесте қаралып, нәтижесінде бөлім басшысы мен сәулетшісі қызметінен қуылды. Ал аудан әкімінің орынбасарына ескерту жасалды.


– 2015 жылғы өзгерістерге байланысты жер қазіргі кезде тек қана аукцион, конкурстар арқылы беріледі. Яғни осыны біле тұра, заңды айналып өтіп, жоғарыда аталған бөлім басшылары 51 жер телімін заңсыз қосалқы шаруашылық ретінде табысталғаны анықталды. Тексерудің нәтижесін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәртіптік кеңесіне ұсыныс ретінде енгізген болатынбыз, — деді Қарақия ауданының прокуроры Мақсат Жақаев.

Соңғы жаңалықтар