Жерге жақындап келе жатқан 3 ірі астероид анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жерге жақындап келе жатқан 3 ірі астероид анықталды

Жерге жақындап келе жатқан 3 ірі астероид анықталды

Астрономдар қазан айының соңында Жерге жақындап келе жатқан көлемі 2-ден 20 шақырымға дейін болатын үш ірі астероидты анықтады. Олардың екеуі жерге жақын орналасқан ірі нысандардың арасында көлемі жағынан екінші және үшінші орындарда. Ғалымдар олардың осы кезге дейін байқалмай келгеніне таңданыс білдіруде.

  • 7 Қараша 2013
  • 753
Фото - Caravan.kz


Бұл астероидтардың ғылыми түрде ашылуы бірнеше себеп бойынша «кеш қалды», астероидтардың бірінің ұзақ уақыт айналуына байланысты (ол 146 жылда Күнді бір-ақ рет айналады), ал басқа екі нысан бұрын көзге көрінетіндей Жерге осыншалық жақын келмеген, — деп хабарлады РИА Новости.