Жеті жыл бойы алимент төлемеген ШҚО тұрғыны бұрынғы әйеліне пәтерін беріп тынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеті жыл бойы алимент төлемеген ШҚО тұрғыны бұрынғы әйеліне пәтерін беріп тынды

Жеті жыл бойы алимент төлемеген ШҚО тұрғыны бұрынғы әйеліне пәтерін беріп тынды

Жаңа жұмыс берушісінен ескі қарыздарын жасыру мақсатында алимент төлемей қашып жүрген ер адам бұрынғы әйеліне пәтерін беріп тынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 25 Қазан 2017
  • 199
Фото - Caravan.kz

Осыдан жеті жыл бұрын ол әйелімен ажырасып кеткен. Әйелі баласымен жалғыз қалғанына қарамастан, ер адам алимент төлегісі келмеген. Олар бейбіт жолмен келісе алмаған, содан кейін сот процесі басталған. 

"Әрине барлығы қиын болды. Оның мені түсіне алмағанын түсінбеймін, соңында барлық зардапты бала көрді. Жеті жыл бойы бұрынғы күйеуімнің алиментті уақтылы төлеуін талап етіп келемін, алайда еш іске аспаған еді", — деді әйел адам.  Ер адамның жеті жыл бойы жиналған қарызы миллион теңгеден асып кеткен.

Ер адам соманың неліктен мұнша көп болуын былайша түсіндірді — жұмыс істемеген, сол себепті де беретін ештеңесі болмаған. Ірі компанияға жұмысқа орналасуы оның осы жағдайдан шығуға шешімін тапқан. 

"Ер адамның ірі көлемде қарызы барын біз оның жұмыс берушісіне айтуымыз қажет. Біз заң тұрғысынан барлық шараны істейміз, ол қарызын жауып, алимент төлеуден қашып жүргендер қатарында екенін жұмыс берушіге айтамыз. Ол елден қашып кетпеуі үшін қарыз адамдар реестріне тіркелуі тиіс", — деді жеке сот орындаушысы Жанар Мадинова. 


Алайда ер адам бұл жағдайдың шешімін тапты. Ол Өскемендегі бір бөлмелі пәтерін бұрынғы әйеліне беріп, қарызынан құтылуды шешкен. 

"Мен ризамын. Енді біздің баспанамыз бар. Бұрынғы күйеуімнен алимент алған жоқпын, оның төлейтіні, не төлемейтіні белгісіз болды. Ендігіде барлығы дұрысталды. Мен де, ол да осы шешімге ризамыз", — деді әйел. 
 

Соңғы жаңалықтар