Жоғалып кеткен балықшылар тірі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалып кеткен балықшылар тірі табылды

Жоғалып кеткен балықшылар тірі табылды

Сахалиндегі Поронайск ауданында  балық аулауға аттанған күйі хабар-ошарсыз кеткен бес адам үйлеріне аман-есен оралды, деп хабарлайды аймақтық ТЖМ МБ  баспасөз қызметінен.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz


«Дүйсенбі күні сахалин уақытымен 23:50-те  бес балықшы қарда жүргіш көлікпен Поранайскіге оралды»,-делінген хабарламада.

Олар 3 сәуірде осы аумақтағы Владимирово өзеніне  балық аулауға аттанған. Бірақ  жексенбіге дейін келмеген. Дүйсенбіде олардың туыстары ТЖМ-ға көмекке жүгінді. Сол күні іздеуге бір топ құтқарушы шұғыл аттанған болатын, деп хабарлайды "Интерфакс".