Жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағын іздестіру жөніндегі суасты аппаратының соңғы миссиясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағын іздестіру жөніндегі суасты аппаратының соңғы миссиясы басталды

Жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағын іздестіру жөніндегі суасты аппаратының соңғы миссиясы басталды

Bluefin-21 суасты аппараты Үнді мұхитының аумағында Malaysia Airlines компаниясының жоғалып кеткен Boeing 777 сынықтарын іздеу жөніндегі соңғы миссиясына кірісті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі Іздестіруді үйлестіру орталығына (JACC). сілтеме жасап.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 301
Фото - Caravan.kz


Ағымдағы операция алдын ала болжам бойынша ұшақтың қара жәшігінен шыққан 8 сәуірде екінші дабыл алынған жерден радиусы он шақырымдық Үнді мұхитының түбін қамтиды. Операция барысында аппарат осы аймақтағы іздестіру жұмыстарын аяқтап, осы аймақтан тысқары мұхит түбін зерттеуге кірісіеді. Әзірге ұшақтың ешқандай іздері табылмағаны атап өтілген.

Кулала-Лумпурдан Бейжіңге MH370 рейсін жасаған Malaysia Airlines авиакомпаниясының Boeing 777-200 авиалайнері бортындағы 237 жолаушымен және 12 экипаж мүшелерімен 8 наурыз күні түнде радар экарндарынан жоғалып кетті. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак 24 наурызда әуе кемесі Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне құлады деп хабарлады. Бұл туралы спутник мәліметтерін талдау көрсеткен. Алдын ала болжам бойынша, ешкім де тірі қалмаған.