Қайғылы оқиға Қордай ауданында болды. Алматыдан Шымкентке шыққан ішінде 55 адамы бар қоғамдық көлік, Қырғызстаннан Алматыға бет алған шағын автобусқа соғылған. Екінші көліктегі 6 жолаушы мен жүргізушісі оқиға орнында тіл тарпай кетіп, тағы 2-уі аурухана керуетінде жан тапсырған. Барлығы Қырғызстан азаматтары. Қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін. Себебі жарақат алған 7 жолаушы жансақтау бөлімінде хал үстінде жатыр.