Жарияланды: 60

Жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері жарақат алды

Жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері жарақат алды

Балқаш қаласындағы "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС емханасының 2 дәрігері жол апатынан көз жұмды, сонымен қатар 8 медицина қызметкері зардап шекті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Дәрігерлер Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады. Министрлік қапияда көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамды", - делінген хабарламада.

Жол апаты 19 қыркүйек күні сағат 19:30-да Қарағанды облысындағы Сарышаған ауылының жанында болды, жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан төрт адам – ​​екі жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.


"Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды", - деп атап өтті ведомство.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін